Lifestyle

Apple-дің смартфон мен смарт-сағат өндірісі АҚШ-қа көшіріледі

Эпл
Apple смартфондары мен сағаттарына арналған шыны АҚШ-та өндірілмек / Фото: Shutterstock

Apple смартфондары мен смарт сағаттарының өндірісін ішінара АҚШ-қа көшіреді. Енді Apple-дің бұл өнімдері АҚШ-та жасалған шынымен жабдықталады.

Report мәліметінше, бұл туралы Ақ үйде техногигант басшысы Тим Кук мәлімдеген.

«Алғаш рет әлемнің кез келген жерінде сатылатын әрбір жаңа iPhone мен жаңа Apple Watch құрылғылары Кентуккиде өндірілген шынымен жабдықталады», – деді ол.

Куктің айтуынша, аталған штатта компания құрылғыларына арналған шыны өндіретін ең ірі әрі заманауи желі салынатын болады.

Еске салсақ жуырда Apple компаниясы 2007 жылы алғашқы iPhone шыққалы бері 3 млрд құрылғы сатылғанын мәлімдеді. Бұл  2018 жылдан бері сатылым деректерін жарияламаған компания үшін үлкен жетістік.

Сондай-ақ Apple 2027 жылға қарай кемі алты жаңа iPhone шығаруды көздеп отыр. Көктемде базалық iPhone 18 және iPhone 18e жарық көреді, ал күзде – флагмандық iPhone 18 ProiPhone 18 Pro Max және алғашқы бүктелетін iPhone таныстырылады