Жаңалықтар

Нұртас Адамбай Mercedes-Benz көлігін сатуға шығарды

Нұртас Адамбай Mercedes-Benz көлігінің бағасын 58 000 000 теңге деп бағалап отыр / коллаж: Рауан Мутаир
Нұртас Адамбай Mercedes-Benz көлігінің бағасын 58 000 000 теңге деп бағалап отыр / коллаж: Рауан Мутаир

Нұртас Адамбай Mercedes-Benz GLE Coupe 53 AMG көлігін сатуға шығарды. Актер оның бағасын 58 000 000 теңге деп көрсеткен.  

Cатылымға шығарылған автокөліктің жылы – 2021. Жарнамасы Қазақстанда көлік саудасын қыздырып отырған kolesa.kz сайтына жарияланды.

«Көлік мінсіз техникалық және эстетикалық жағдайда. 2022 жылы Германиядан жаңа күйінде әкелінген. Бір ғана иесі болған. Жүрісі – 8 500 шақырым», – деп Нұртас Адамбай Mercedes-Benz көлігінің жай-күйіне сипаттама қалдырған.

Mercedes-Benz ең толық комплектацияда. Барлық көмекші жүйелер мен ассистенттер орнатылған. Кеңейтілген былғары пакетті. Яғни, есіктерінің карталары, панель түгел былғарымен қапталған. Төбесі –  алькантара.

AMG тежеу жүйесі бар. Әдеттегі GLE53-тен бөлектеу. Дәл GLE 63AMG-дегі жүйеге ұқсас. Сонымен қатар құйылған R22 дискілері бар.

«Burmester аудиожүйесі орнатылған. Толық карбон пакетті. 360° камералар, алдыңғы орындықтардың массаж функциясы бар. Ambient Light жарығы, толық фаралары, барлық орындықтардың жылытқышы, алдыңғылардың желдеткіші, рульдегі AMG Units, алдыңғы әйнекке проекция, тіпті фаркоп та бар», – деп Нұртас Адамбай Mercedes-Benz көлігіне техникалық сипаттама берген.

Оның айтуынша, көлік SunTec полиуретандық пленкамен қапталған. Автокөлікке ресми Blue Star дилерінде қызмет көрсетіліп келеді.

Мұның алдында келесі жылы кімдердің көлік салығын төлемейтінін жазған едік.