
Өткен жылдан бері мектептерде пәндерді біріктіріп оқыту мәселесі жиі айтылып жүр. Мәселен «Алгебра» мен «Геометрияны» біріктіру, «Химия», «Биология», «Физиканы» «Жаратылыстану» пәніне біріктіріп оқыту тәжірибесін енгізу ұсынылған болатын. Министр Ғани Бейсембаев бұл ұсыныс қалай жүзеге асатынын түсіндіріп берді.
Министр не дейді
Ғани Бейсенбаев пәндерді біріктіру немесе кіріктіріп оқыту бағдарламасы 20 өңірде пилоттық жоба ретінде енгізіле бастағанын айтады. Пәндерді біріктіру сарапшылардың ұсынысымен қолға алынған мәселе. Жақын арада қай мектептерді аталмыш жоба жүзеге асатынын белгілі болады.
Көтерілген мәселе пилоттық жоба ретінде енгізіліп жатыр. Сарапшылардың ұсынысы бойынша әсіресе, алгебра мен геометрияға қатысты әріптестерден көптеген сұрақтар туындаған болатын. Бұл жаппай ауқымды енгізу дегенді білдірмейді. Әлемдік үрдісте де бар. Пәнаралық байланыс, пәндерді кіріктіріп оқыту мәселесі бұрыннан бар деп түсіндірді министр.
Ведомство басшысы пилоттық жоба сәтті болып, нәтижесін берсе, ары қарай жалғасатынын айтады. Керісінше жоба сәтсіз болса, бұрынғы тәжірибе қала беретін болады. Министр жобаны іске асыру барысында мұғалімдер жұмыссыз қалмайды деп сендірді.
Еске салайық жаңа оқу жылынан бастап мектептерде тамақтандырудың жаңа стандарты бекітіледі. Енді мектеп асханаларындағы ас мәзірінің қауіпсіздік талаптарын Денсаулық сақтау басқармалары қадағалайтын болады.