
SCAT әуекомпаниясы Астанадан Сербия астанасы Белградқа тікелей рейстерін ашады. Ресми ақпаратқа сәйкес, рейс 2025 жылдың 3 қарашасынан бастап ашылады.
Астана-Белград-Астана рейстері дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.
Әуекомпания мұны іскер саяхатшылар үшін Қазақстан мен Еуропа арасын байланыстыратын тағы бір мықты көпір деп бағалап отыр.
Билеттер қазірдің өзінде сатылып жатыр.
Айта кетейік, 10 тамызда Алматыдан Беларусь астанасы Минскіге алғашқы тікелей рейс ашылды.