Lifestyle

Жаңа Škoda Superb Қазақстан нарығына қайта оралды. Бағасы қанша?

Төртінші буындағы Škoda Superb лифтбэгі сатылымға шықты / Фото: Skoda Qazaqstan

 Škoda-ның Қазақстандағы ресми өкілдері модельдік қатарындағы флагман көліктердің бірі, төртінші буындағы Superb лифтбэгінің сатылымға шыққанын хабарлады. Көлік Қостанайдағы зауытта шығарылады және Selection және Laurin&Klement болып екі негізгі нұсқада ұсынылады.

Superb моделіне тек 2 литрлік турбоқозғалтқыш орнатылады, ол 7 сатылы DSG роботымен жұмыс істейді. Алайда, алдыңғы жетекті нұсқада қозғалтқыш 190 ат күші мен 320 Нм момент береді, ал толық жетекті нұсқада яғни, 265 ат күші мен 400 Нм.

Фото: Skoda Qazaqstan

Selection жинақтамасы алдыңғы және қосалқы қауіпсіздік жастықшаларымен, қауіпсіздік перделерімен, орталық және тізе тұсындағы жастықшалармен, жарық және жаңбыр датчиктері, парктроник, круиз-бақылау, айналаны шолу жүйесі сынды жүргізушіге көмекші жүйелердің базалық пакетімен жабдықталған. Сонымен қатар, үш аймақтық климат-бақылау, 13 дюймдік экраны бар мультимедиа жүйесі мен 8 динамик, сандық аспаптар панелі, проекциялық дисплей, смартфонға арналған сымсыз қуаттау құрылғысы, барлық орындықтардың жылытқышы, алдыңғы орындықтардың желдеткіші (жүргізуші орындығында массаж функциясы да бар), алдыңғы әйнек, руль және айна жылытқышы, жүксалғыштың электрлі жетегі сынды жабдықтар кіреді.

Superb Selection алдыңғы жетекпен – 21,5 млн теңге, ал толық жетекпен – 24 млн теңге тұрады.

Фото: Skoda Qazaqstan

Laurin&Klement нұсқасы Selection-мен салыстырғанда аса көп айырмашылыққа ие емес. Бұл нұсқада хромдалған әрлеу элементтері, өзгеше дискілер, жасанды және табиғи былғары комбинациясымен қапталған арнайы орындықтар, алдыңғы орындықтардың арқалықтарында планшет ұстағыш қарастырылған. Сондай-ақ акустикалық әйнектер, 14 динамикадан тұратын жетілдірілген аудиожүйе, артқы жолаушыларға арналған жандық қауіпсіздік жастықшалары, жүріс режимдерін баптау мүмкіндігі және айнымалы қатынастағы рульдік басқару күшейткіші бар.

Škoda Superb Laurin&Klement бағасы қозғалтқыш қуаты мен жетек түріне байланысты 24,5 млн немесе 26,5 млн теңге шамасында болады.

Еске салсақ өткен айда Қазақстан нарығына Škoda-ның жаңартылған бестселлері Octavia FL лифтбекі ұсынылған болатын. Жаңартылған Octavia FL нұсқасы біршама қымбат — бастапқы бағасы 17,9 млн теңге.