Lifestyle

«Тұқымың өскір»: 1 қыркүйектен бастап «Келінжан» сериалының 6-маусымы шығады

«Келінжан 6» сериалы 1 қыркүйектен бастап шығады / фото: khabar.kz

Көрермендердің сүйікті комедиясына айналған «Келінжан» сериалы жаңа маусымымен оралады. 1 қыркүйектен бастап Хабар арнасында жобаның 6-маусымы көрсетіле бастайды.

Бұл маусымда да халықтың ыстық ықыласына бөленген кейіпкерлер – Күлімхан апа, ұлдары Қылышбек, Мәдібек, Асқар және келіндері Айсара, Балқия, Асылым – көрерменмен қайта қауышады.

YouTube-та жарияланған ресми трейлерден жаңа кейіпкерлердің пайда болғанын да көруге болады. Бұл оқиға желісіне тың серпін беріп, отбасылық хикаяны одан әрі қызықтыра түспек.

Айта кетейік, бұған дейін «Келінжан» сериалының 5 маусымы және толықметражды 3 фильмі жарық көрген еді.

Тіпті Айсара мен Балқия рөлдерін сомдаған Дариға Бадықова мен Нұргүл Мыңғатова «Келін шай» атты шай өнімін шығарған еді.