Жаңалықтар

Балалар чемпионатында төбелес: Кінәлілер өмір бойына футболдан шеттетілуі мүмкін

Шымкентте стадионда футбол ойнап жүрген балаға жебе тиді
Балалар чемпионатында жаппай төбелес болды / Фото: shuttertsock

Шымкент қаласында өтіп жатқан футбол орталықтары мен академияларының 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» және «Екібастұз» командаларының ойыны жаппай төбелеспен аяқталды.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бұл оқиғаны спорт құндылықтарына және футбол қағидаттарына мүлдем сай келмейтін әрекет деп бағалады. Ұйым мәлімдемесінде футболдың құрметке, әділ бәсекеге және Fair Play қағидаттарына негізделгенін атап өтті. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің агрессиясы мен зорлық-зомбылығы – спорттық этика мен адами құндылықтарды өрескел бұзу болып саналады.

Оқиғаға қатысты төрешілердің хаттамалары мен бейнежазбалар ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне жолданды. Арнайы отырыс келесі аптада өтеді.

Федерация барлық кінәлілерге қатаң жаза қолданылатынын, тіпті футболдан өмір бойына шеттетуге дейінгі шаралар қабылдануы мүмкін екенін ескертті.

«Қазақстандағы футбол өрескел әрекеттерден тұрмауы керек. Біз бұған қатаң тосқауыл қоямыз. Әркім алаңда да, оның сыртында да тәртіп ережелері мен этикалық нормаларды қатаң сақтауы тиіс», — делінген ҚФФ хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Kursiv Media балалар мен жасөспірімдер футболы туралы деректі фильм түсірген еді.