Lifestyle

Дженнифер Лопес Instagram-да қазақша орындалған каверді бөлісті

Джей Лоның концертіне билеттер ОЛХ арқылы он есе қымбатқа сатыла бастады
Джей Лоның концертіне билеттер ОЛХ арқылы он есе қымбатқа сатыла бастады

Әйгілі әнші Дженнифер Лопес Instagram желісінде «Ain’t Your Mama» хитінің қазақ тіліндегі каверімен бөлісті.

Әлемге әйгілі хитін қазақша айтып шыққан қазақстандық әнші Мөлдір Байбұринова. Оның орындауындағы кавердің үзіндісін Дженнифер Лопес сторисінде жариялап, репост жасады.

«Джей Лоның сторисінен бірақ шықтым! Рахмет сіздерге», – деп жазды Мөлдір Байбұринова.

Желі қолданушылары қазақстандық әншінің шығармашылығын әлемдік деңгейдегі жұлдыздың байқағанын атап өтіп, оң пікірлерін жарыса жазуда.

Айта кетейік Мөлдір Байбұринова шетелдің әйгілі әндерін қазақша орындайды. Оның видеолары кеңінен танылып жүр. 

Еске салсақ бұған дейін Дженнифер Лопес Астанада түсірілген бишілердің видеосын Instagram желісінде бөліскен болатын.