
Алматы облыстық соты Шерзат ісі бойынша апелляциялық шағымды қарады. Нәтижесінде алғашқы инстанция шығарған үкім күшінде қалды.
Сот тараптардың уәждерін тыңдап, үкімге өзгеріс енгізуге негіз жоқ деген шешім қабылдады.
Бұған дейін іс бойынша сотталған сегіз адам үкімге шағым түсірген еді.
Сотталғандардың жазасы:
- Абзал Шынасыл – 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Равиль Сакиев – 20 жылға сотталды.
- Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Шыңғыс Белғожаев – 7 жылға сотталды.
- Дархан Әскентай – 7 жылға сотталды.
- Нұрқияс Ілиясов – 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Нұрбол Тоқтаубаев – 7 жылға сотталды.
- Дидар Қалиахмет – 7 жылға сотталды.
- Думан Ысқақ – 1,5 жылға сотталып, жазасын өтеп, бостандыққа шықты.
Осылайша, апелляциялық сот қазына шешімге өзгеріс енгізбей, үкімді өзгеріссіз қалдырды.