Жаңалықтар

Ақмола облысында 9 жастағы бала үстіне жай түсіп қаза тапты

Ақмола облысында 9 жастағы бала үстіне жай түсіп қаза тапты
Ақмола облысында 9 жастағы бала үстіне жай түсіп қаза тапты/Фото: shutterstock

Ақмола облысы Біржан сал ауданының Үлгі ауылында екі баланың үстіне найзағай түсіп, бір бала қайтыс болды.

Қаза тапқан бала тоғыз жаста болған. Екінші он бес жастағы бала ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатқаны хабарланды..

Ақмола облыстық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бұған дейін, Қытайда жолда кетіп бара жатқан көліктің үстіне жай түскені видеоға түсіп қалған.