Жаңалықтар

«Селтик» – «Қайрат» ойынын қайдан көруге болады

Селтик Қайрат ойынын қайдан көруге болады / фото: instagram: fckairat

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикке» қарсы алғашқы ойынын өткізеді. Кездесу 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні Шотландияның Глазго қаласында өтеді.

Тікелей трансляцияны қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тамашалай алады. Матчтың басталуы – 00:00-де (Астана уақыты бойынша).

«Қайраттың» плей-оффқа дейінгі жолы

Бұл маусымда қазақстандық клуб үш іріктеу кезеңінен өтті:

  • 1-раундта словениялық «Олимпияны» 3:1 есебімен (қос матчтың қорытындысы бойынша) ұтты;
  • 2-раундта финляндиялық КуПСтан 3:2 есебімен басым түсті;
  • 3-раундта словактың «Слованымен» тең ойнап (1:1), пенальти сериясында 4:3 есебімен сенсациялық жеңіске жетті.

Ал «Селтик» үшін бұл кездесу – жаңа маусымдағы алғашқы еурокубоктық ойын болмақ.

2025/26 жылғы маусымда еурокубоктарда Қазақстанды төрт команда таныстырған еді. Алайда «Астана», «Ақтөбе» және «Ордабасы» жарыстан шығып қалды. Қазіргі таңда ел намысын қорғап отырған жалғыз клуб – «Қайрат».

Айта кетейік, 26 тамызда қос ұжым Алматыда қарымта матч өткізеді. Орталық стадионда өтітен ойынға билеттер бір жарым сағаттың ішінде сатылып кеткен еді. Желіде болса алыпсатарлар 10 есе қымбат бағаға сатып жатыр.