
Алматының Медеу ауданындағы «Горный гигант» шағын ауданында жеке тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді.
Алматы қаласы ТЖД ақпаратынша, өрт 1000 ш. м. алаңда сөндірілген.
Департамент тілсіз жаудың тез тарауына өрт туралы хабардың кеш келуі, жапсарлас ғимараттың құрылымдық ерекшелігі әсер еткенін атап өткен.
Алайда Instagram-дағы Almatinec_live парақшасында өрт сөндірушілерде ұзақ уақыт су болмағаны айтылады.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін құтқарушылар өртті сөндіруде жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатқаны хабарланған.