Lifestyle

Ұланғасыр Қами «Келінжан» сериалына саундтрек шығарды

Ұланғасыр Қами «Келінжан» сериалына саундтрек шығарды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Көрерменнің ерекше ықыласына бөленген «Келінжан» телехикаясының алтыншы маусымына арнайы жаңа саундтрек жазылды. Танымал әнші Ұланғасыр Қами туындының ресми саундтрегін ұсынды.

Сериалдың продюсері Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында қалың көрерменге арнап алғыс білдіріп, жаңа маусымның тұсаукесері 1 қыркүйекте сағат 21:45-те «Хабар» арнасында өтетінін еске салды. Алтыншы маусым 40 бөлімнен тұрады.

«Бұл маусым біз үшін ерекше. Сондықтан көрерменнің қолдауы аса қажет. Саундтректен бастап сериалдың әрбір бөлімі тың серпін сыйлайды деген сенімдемін», – деп жазды продюсер.

Еске сала кетейік, Ұланғасыр бұған дейін «Келінжан» сериалындағы «Балқия» кейіпкеріне ән шығарған еді.