Жаңалықтар

Саясаттанушы жұмыс уақытын ауыстырғаннан гөрі, бұрынғы уақытты қайтаруды құп көреді

Ашимбаев считает, что смена рабочего графика для астанчан не поможет
Саясаттанушы жұмыс уақытын ауыстырғаннан гөрі, бұрынғы уақытты қайтаруды құп көреді / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дина Карамчакова

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев 15 қыркүйектен бастап Астанада мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың жұмыс уақыты алға жылжытылатынын сынға алды.

Саясаттанушы мұндай шешімнің астарында кептеліспен күрес емес, жаңа уақыт белдеуінің ыңғайсыздығын айтудан жалтару жатқанын айтады.

«Кептеліске қарсы күрес деген уәж тым күлкілі көрінеді. Шын мәнінде, барлығы былтырғы уақыт белдеулерін «реформалау» зардабын түсінеді, бірақ бастықпен таласуға қорқады, сондықтан жағдайды түзету орнына оны одан сайын ушықтыратын амалдар іздейді. Алдымен Қазақстанның көп бөлігін табиғи күн уақытымен үйлеспейтін режимге түсірді, енді үйреншікті күн тәртібін де бұзбақ. Мұндай жағдайда ең дұрыс шешім – бұрынғы уақыт белдеуін қайтару болар еді», – дейді ол.

Данияр Әшімбаев үкіметтегілердің ақылға қонымды шешімнің орнына бір қателікті екіншісімен жамап-жасқап жатқанына қынжылыс білдіреді.

Қазақстан 2024 жылғы 1 наурыздан бастап бірыңғай UTC +5:00 уақыт белдеуіне өтіп, бірқатар өңірлерде уақыт бір сағат артқы жылжытылған. Үкімет мұндай шешім ел аумағының географиялық орналасуы мен табиғи күн цикліне сәйкес келетініне сүйеніп қабылданғанын айтқан. Алайда шешімге бірқатар өңірдің тұрғындары наразылық білдірген. Десе де үкімет зерттеулер жаңа уақыт белдеуі қазақстандықтардың денсаулығына еш зияны жоқ екенін көрсетті деп мәлімдеді. Президент осыдан кейін уақыт төңірегіншеді пікірталасты тоқтатуға шақырған. Осыдан кейін, бірқатар өңірлер жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіп, жұмысты бір сағатқа ерте бастауға ауысқан.