
4 қыркүйекте «Астана Аренада» өтетін Қазақстан – Уэльс ойынына билеттер түгелдей сатылып кетті. Бұл туралы Футбол федерациясы хабарлады.
Кездесу 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев алдағы ойындарға шақырылған футболшылардың соңғы тізімін жариялады.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (барлығы — «Ордабасы»).
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Рамазан Оразов, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы — «Елімай»), Даурен Жұмат, Серікжан Мұжықов (екеуі де — «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»).
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).
Ертең 4 қыркүйек күні ұлттық құрама өз алаңында Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгиямен ойнайды.