Жаңалықтар

Теңге апта соңында сәл нығайды

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, жұма күні теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамы 0,4%-ға (2,14 теңгеге) күшейіп, 1 доллар үшін 537,91 теңгені құрады.

Бейсенбіде бұл көрсеткіш 540,05 теңге болған.

Ұлттық банктің ресми бағамы 5 қыркүйекте де 540,05 теңге деңгейінде тұрды. Ал 6-8 қыркүйек күндері ресми курс 1 доллар үшін 537,91 теңге болып бекітіледі.

Ақша айырбастау пункттері долларды 537 теңгеден сатып алып, 539 теңгеден сатып жатыр.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы 1000 теңгеге жетеді деген сыбысты жоққа шығарды. Оның айтуынша, доллардың күрт қымбаттауына еш негіз жоқ.