Жаңалықтар

Цифрлық даму министрлігінің кейбір функциялары Ғылым министрлігіне беріледі

Қандай функциялар Ғылым министрлігне өтеді / Фото: shutterstock

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму министрлігінің кейбір функциялары Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетінін айтты.  Сондай-ақ ведомство базасында жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ЦДИАӨМ-нің негізінде ҚР-ның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатын болады. Бұл ретте инновациялық саясат жөніндегі функциялар ҒЖБМ-ге берілетін болады. Жарлықтың жобасы әзірленді, мемлекеттік органдардың келісуінде жатыр, – деді мниистр үкімет жиынында.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрлікке нақты қандай функциялар берілетінін айтып берді: 

  • инновациялық гранттар беру; 
  • арнайы экономикалық аймақтарды дамыту; 
  • инвестициялық қорлар құру; 
  • акселерация және бизнес-инкубация жүргізу; 
  • өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қаржыландыру; 
  • инновациялық білім беру және ғылыми бағдарламалар мен технологияларды енгізу және іске асыру.

Еске салайық Президент Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауы барысында елде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын айтты.