
Бүгін, 9 қыркүйекте «Қайрат» – «Ақтөбе» матчының билеттері сатылымға шығады. Қазақстан чемпионатындағы ең көп күткен кездесу 14 қыркүйек күні сағат 17:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Билеттерді Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшаларынан сатып алуға болады. Сатып алынған билеттер «Менің билеттерім» бөлімінде сақталады және матч күні QR-код форматы іске қосылады.
Сатылымның нақты басталу уақыты ресми дереккөздерде жарияланады. Ұйымдастырушылар Freedom Ticketon және «Қайрат» футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшаларынан бақылап отыруға кеңес берді.
Айта кетейік бұған дейін Қазақстан мен Англия матчының билеттері сатылымға шыққан болатын.