Lifestyle

Apple жаңа iPhone 17 смартфонын таныстырды

Iphone 17
Apple жаңа iPhone 17 желісін таныстырды / коллаж: kursiv.media

Apple компаниясы жаңа iPhone 17 мен одан жұқа нұсқасы iPhone 17 Air және қуатты iPhone 17 Pro смартфондарын ресми түрде таныстырды. Презентация тікелей эфирде компанияның әлеуметтік желілерінде көрсетілді.

iPhone 17 ерекшеліктері

Жаңа iPhone 17 алты ядролы А19 процессорымен және бес ядролы графикалық чиппен жабдықталған. Apple мәліметінше, құрылғы алдыңғы нұсқадан сегіз сағатқа ұзақ жұмыс істейді. Сонымен қатар, Qi2 стандарты бойынша сымсыз жылдам қуаттауды қолдайды. Экран өлшемі – 6,3 дюйм.

Жаңа модель бес түсте шықты: қара, күлгін, көк, жасыл және ақ. Бастапқы бағасы — $799.

iPhone 17 Air

Компания ең жұқа нұсқа — iPhone 17 Air смартфонын да таныстырды. Apple оны «MacBook Pro деңгейіндегі есептеу қуатына ие» деп сипаттады. Air бағасы $999-дан басталады.

iPhone 17 Pro

Үшінші нұсқа — iPhone 17 Pro. Көк, сұр және қызғылт сары түстерде ұсынылды. Air нұсқасынан бір ядро артық қуатты процессормен жабдықталған. Бағасы — $1099-дан.

Смартфондар 19 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.

Басқа жаңа өнімдер

Сонымен қатар, компания AirPods Pro 3 құлаққаптарын шығарды. Олар енді шетел тілдерін бірден аудара алады және есту аппараты қызметін атқарады. Сондай-ақ, жаңартылған шуды басу жүйесі қосылды.