Жаңалықтар

Қазақстанда бір миллион адам 85 мың теңге айлыққа күн көреді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 1,1 млн адам 85 мың теңге немесе одан да төмен деңгейде жалақы алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы аударымдар негізінде есептегенде, осы санның шамамен үштен бірі немесе 329 мың адамның айлық жалақысы 80 мың теңгеден төмен.

Бұған дейін «Аманат» партиясы Қазақстанда 1,8 млн адам жалақы алады деген ақпарат жариялаған еді.

85 мың теңге – елдегі ресми түрде ең төменгі жалақы көлемі. «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына сәйкес, жалақы мен зейнетақы көлемі өседі. Бірақ төменгі жалақы көлемі еш өзгеріссіз қалмақ.