
Зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге аудару тоқтатылады. Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады.
«15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады», – делінген ақпаратта.
15 қыркүйекке дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады.
Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жалған құжатпен, стоматологиялық қызмет көрсету тәсілімен 200 млрд теңгені заңсыз шығару фактілері анықталғанын хабарлады.