
UzAuto Motors компаниясы Chevrolet Cobalt-тың жаңартылған нұсқасын ұсынғалы жатыр. Өзгеріс негізінен салонға қатысты болып отыр.
Cobalt-қа жаңа панель, Android Auto және Apple CarPlay-ды қолдайды сенсорлы MyLink мультимедиасы, круиз-бақылау орнатылмақ. Мультимедиа басқару батырмалары рульге шығарылып, алдыңғы орындықтарға жылыту жүйесі қосылады.
Жаңарған көлік алғашқы иелеріне 2025 жылдың соңына дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, салон жаңарған соң, компания жаңа шанақтағы нұсқасын да шығарады.
Жаңарған Cobalt шамамен 160–170 млн сум (6.91–7.34 млн теңге) тұрады деп күтіліп отыр.
Chevrolet Cobalt – Қазақстандағы бестселлер модельдердің бірі. Ол сатылған жаңа көліктер арасында үнемі көшбасшы орыннан табылады. Табызда да жүрісінің жаңылмай, көп сатылған көліктер тізімін бастаған.