
Отбасы банк жаңа iPhone 17-ні сатып алуға асықпауды ұсынады. Қаржы институты Instagram желісінде «ересек адамға дұрыс таңдау жасау техникасын» ұсынды.
Бұл әдісте көрсетілгендей, адам жаңа iPhone 17 смартфонын көрген сәтте, оны алғысы келеді.
Бірақ ой елегінен өткізіп, соңында ақшасын Отбасы банктегі депозитке аударады. Осылайша ол өзін жауапкершілігі мол, ересек адам сезінуі тиіс.
Жақында Apple компаниясы жаңа iPhone 17 мен одан жұқа нұсқасы iPhone 17 Air және қуатты iPhone 17 Pro смартфондарын ресми түрде таныстырған.
Жаңа смартфон алты ядролы А19 процессорымен және бес ядролы графикалық чиппен жабдықталған. Apple мәліметінше, құрылғы алдыңғы нұсқадан сегіз сағатқа ұзақ жұмыс істейді.
Apple алдағы үш жылда iPhone-ды түбегейлі өзгертуді жоспарлап отырғанын хабарлаған. Жаңа iPhone 17 – соның алғашқы қарлығашы.