
Қазақстандық фермерлерді өнім жоғалған жағдайда шығыннан қорғау үшін ғарыштық технологиялар мен инновациялық әдістерді қолданады. Бұл туралы «СК Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев атап өтті.
Қазақстандық фермерлердің басты мәселесі
Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық фермерлердің негізгі проблемаларының бірі – несие алу кезінде жеткілікті кепілдік базасының болмауы. Бұған дейін Қазақстан фермерлер қауымдастығы жариялаған деректерге сәйкес, жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қолдау қаражаты елдегі ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының аз ғана пайызын қамтиды. Ал банктік несиелер шаруашылықтар үшін, әсіресе орта және шағын деңгейдегі шаруашылықтар үшін қолжетімсіз болып отыр, себебі қаржы институттары талап ететін кепілдер фермерлердің қолында бола бермейді.
Атаулы мәселені шешудің тың тәсілін сақтандыру компаниялары ұсынып отыр.
«Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Аграрлық несие корпорациясымен және өзге институттармен бірлескен жұмыс фермерлерге несие беру кезінде агросақтандыруды толыққанды кепіл ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін айқын тетіктер мен ашық шарттарды әзірлеуге жол ашады. Бұл банктер үшін тәуекелдерді төмендетеді әрі қаржыландыруға мұқтаж ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қолжетімділігін кеңейтеді», – деді Азамат Керімбаев.
Осы орайда ғарыштық технологиялардың рөлі ерекше. Форум аясында фермерлерге арналған жаңа сақтандыру өнімі таныстырылды. Ол параметрлік деректерге негізделген – яғни, машиналық әдістер арқылы жиналып, өңделетін сандық деректерге сүйенеді және болжам жасауға мүмкіндік береді. «Freedom Insurance» АҚ агросақтандыру саласындағы спутниктік деректерді пайдаланатын жаңа шешім ұсынды.
Азамат Керімбаевтың айтуынша, компанияда Қазақстан Республикасы бойынша соңғы 45 жылға арналған тарихи модельденген өнімділік деректері бар. Дәл осы әдіс арқылы ағымдағы жылдың болжамды өнімділігі есептеледі. Спутниктік деректер көмегімен өнімділікке автоматты түрде баға беріледі. Орташа тарихи көрсеткіштерден теріс бағытта ауытқу болған жағдайда, сақтандыру компаниясы фермер таңдаған сақтандыру шарттарына байланысты коэффициенттерді ескере отырып, сақтандырылған фермердің шығындарын өтейді.
Жаңа құрал аграрийлерді тәуекелдерден қорғау тетіктерін жетілдіреді. Қазіргі таңда нарықта фермерлерге арналған сақтандыру өнімдері бар, алайда олардың кейбірі шығынды тым көп қажет етеді, сондықтан сақтандыру компаниялары оларды қолдануға құлықсыз. Ал кейбірінде делдалдардың араласуы төлем көлемінің 20%-дан 60%-ға дейінін ұстап қалуларына әкеледі. Бұл фермерлер үшін тиімсіз.
«Параметрлік сақтандыруда «төлем туралы шешім автоматты түрде қабылданады, субъективті фактор алынып тасталады. Бұл әрі клиентке, әрі сақтандыру компаниясына шарттардың әділеттілігін қамтамасыз етеді», – деп түсіндірді Азамат Керімбаев.
Сонымен қатар фермерлер сақтандырумен қамтамасыз етуді банктер үшін кепіл ретінде пайдалана алады. Нәтижесінде аграрийлердің қаржыландыру мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, олардың қолданатын қаржы құралдарының спектрін ұлғайтады.