
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астана мен Шымкентке келеді.
Ресей православ шіркеуінің басшысы елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады. 18 қыркүйекте ол Астанада салынып жатқан рухани-ағартушылық орталығын аралайды.
Сондай-ақ Преподобный Сергий Радонежскийдің атына арналған жаңа шіркеуге барады. Сол күні Астанадағы Свято-Успен кафедралды соборында молебен өткізеді.
19 қыркүйекте Патриарх Кирилл Шымкентте салынған шіркеуге барады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі Астанада 17-18 қыркүйекте өтеді. Әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп жоспарланған.