
Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы ел болып халықаралық Porsche Experience бағдарламасын өткізді. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Франция, Әзербайжан, Румыния, Өзбекстан және басқа елдерден 130-дан астам қатысушы жиналған.

Алғашқы күнгі іс-шаралар жобаның негізгі серіктесі атанған «Сокол» спорттық-техникалық кешенде өтті. Автодромда ұзындығы 4 495 метр, оның ішінде 13 бұрылыс пен сағатына 250 шақырымға дейін жоғары жылдамдықты үдетуге мүмкіндік беретін түзу жол бар. Алаң марка автомобильдерінің мүмкіндіктерін көрсетуге барынша ыңғайлы.

Жарыстарға брендтің сертификатталған спорт жаттықтырушыларының жетекшілігімен 12 Porsche көлігі қатысқан. Қатысушылар аты аңызға айналған 718 және 911 спорткарларың, Taycan электркарын, Panamera бизнес-седанын және флагмандық SUV Macan және Cayenne көліктерін сынап көрді.

Келесі күні 14 Porsche көлігінен тұратын колонна ұзындығы 200 км болатын Шарын шатқалына саяхат жасады. Шатқалындағы арнайы ұйымдастырылған кемпингте қазақтың нағыз киіз үйі тігілген.
«Қазақстандағы Porsche Experience – бұл жылдамдық пен эмоция ғана емес, сонымен қатар елдегі автомобиль мәдениетін дамытудың жаңа кезеңі. Біз Қазақстанның заманауи спорттық стандарттар мен өңірдің бірегей туристік мүмкіндіктерін үйлестіре отырып, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды қабылдауға қабілетті екенін көрсеттік», – деп атап өтті Porsche Kazakhstan директоры Гаухар Ғабдрахимова.
Ұйымдастырушылар Porsche Experience Kazakhstan бағдарламасын іске қосу бренд жанкүйерлері үшін көптен күткен оқиға ғана болып қоймай, сонымен қатар ел экономикасы мен имиджінің дамуына өз үлесін қосқанын айтады. Олардың есептеуінше, жоба аясында Алматы қаласының қонақүйлерінде 300-ден астам түн қамтамасыз етіліп, 500-ден астам адам мейрамханалардың қонағы болған.
Айта кетейік, Porsche Experience – жүргізу динамикасын, кәсіби нұсқаушылардан үйренуді және бірегей маршруттарды біріктіретін неміс брендінің жаһандық бағдарламасы. Іс-шаралар әлемдегі айтулы және көрікті жерлерде – Альп таулары мен неміс автодромдарында, Жерорта теңізі жағалауы мен Скандинавияның мұз жолдарында өткен. Бағдарламаға трек жаттығулары (Porsche Track Experience), әдемі жерлерге саяхат (Porsche Travel Experience) және экстремалды қысқы жарыс (Porsche Ice Experience) кіреді. Негізгі мақсат – тұтынушыларға тест-драйв қана сыйлап қоймай, толыққанды эмоционалды тәжірибе беріп, Porsche брендінің мәдениетімен егжей-тегжейлі таныстыру. Алматыдағы бағдарламаны Orbis Auto автомобиль тобына кіретін Қазақстандағы Porsche ресми импорттаушысы мен Porsche Central and Eastern Europe ұйымдастырған.