Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан Ливерпульде алтын алды

Мақмұт Сабырхан
Махмұд Сабырхан Ливерпульде алтын алды / Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы атанды.

Ол испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен қолғап түйістірді. Махмұд үш раудта да белсенді болып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол әлем біріншілігін алғаш рет 2023 жылы ұтқан.

Махмұд Сабырхан ақтық сынға қытайлық Лю Чуанды жеңіп шыққан.

Бұған дейін финалдық кезеңде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай чемпион атанса, Назым Қызайбай күміс жүлде алған.