
Ливерпульдегі әлем чемпионатында 50 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Санжар Тәшкенбай алтын медаль жеңіп алды.
Ол моңғолиялық Баттулга Алдархишигтен басым түсті. Тәшкенбай қарсыласына еш мүмкіндік бермей, үш раунд бойы айқын басымдық көрсетті.
Осылайша, Санжар екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен чемпионатта үздік шыққан.
Қазақстан спортшыларынан финалға алғаш шыққан Назым Қызайбай өте жақын өткен кездесуде күміс жүлде иеленген.