
Ливерпуль қаласында (Ұлыбритания) өткен бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Отандастарымыз жарыста он медаль иеленді. Оның жетеуі алтын, біреуі күміс, екеуі қола.
Жеті алтынның иегерлері қатарында Алуа Балқыбекова, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Аида Әбікеева, Наталья Богданова, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай бар. Сондай-ақ Назым Қызайбай күміс жүлдені иеленсе, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола медальмен ел намысын қорғады.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынға жайғасып, өз қарсыластарын басып озды. Екінші орынға алты алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы орналасты. Үшінші орын Үндістанға бұйырып, бұл ел екі алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді.