
Алматы облысында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің сот шешіміне шағымы қаралады. Бұл туралы адвокат Анар Құсайынова хабарлады.
Бұған дейін Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді. Алайда сот бұл өтінішті қабылдамады.
«16 қыркүйекте Алатау қаласы сотының сотталған Талғат Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы шешіміне қатысты менің жеке шағымым қаралады», – деді Құсайынова.
Айта кетейік, 2016 жылдың маусымында Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот шешіміне сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы пайдасына 5,9 миллиард теңге өтемақы төлеуге міндеттелген.