Жаңалықтар

Газа секторы: Израиль шабуылынан 70 шақты адам қаза тапты (фото)

16 қыркүйекте Израиль әскері Газа секторына шабуылдай бастады / фото: REUTERS
16 қыркүйекте Израиль әскері Газа секторына шабуылдай бастады / фото: REUTERS

16 қыркүйек, сейсенбі күні Израильдің Газа секторындағы шабуылынан кем дегенде 68 адам қаза тапты. Бұл туралы Kursiv.Media Әл-Жазира телеарнасы мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Газа секторындағы соғыстан қашқан босқындар / фото: REUTERS/Mahmoud Issa
Газа секторындағы соғыстан қашқан босқындар / фото: REUTERS/Mahmoud Issa

Израиль әскерінің Газа секторына сейсенбіде басталған шабуылынан зардап шеккендер саны артып келеді. Әл-Жазира дерегінше, таңертеңнен бері өңірде кем дегенде 68 адам қаза тапты. Телеарна осындай мәліметті жергілікті ауруханалардан алған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, елудан астам адам Газа қаласында мерт болған. Соның ішінде 20 адам шаһардың Дарадж ауданында көз жұмған.

Палестиналықтар Израиль шабуылынан ғана емес, аштықтан да қырылып жатыр. Телеарна бүгін үш адам аштықтан өлгенін хабарлады.

Мыңдаған адам Газа секторынан кетіп жатыр / фото: REUTERS/Mahmoud Issa
Мыңдаған адам сектордан кетіп жатыр / фото: REUTERS/Mahmoud Issa
Газа секторындағы босқындар көші / фото:  REUTERS/Mahmoud Issa
Босқындар көші / фото:  REUTERS/Mahmoud Issa

БҰҰ-ның оккупацияланған Палестина аумағын зерттейтін халықаралық тәуелсіз комиссиясы Израиль әрекетін «геноцид» деп бағалады.

Газа секторындағы босқындар көшінде жүк арасында жатқан палестиналық бала / фото: REUTERS/Mahmoud Issa
Сектордағы босқындар көшінде жүк арасында жатқан палестиналық бала / фото: REUTERS/Mahmoud Issa
Газа секторындағы босқындар көші / фото: REUTERS/Mahmoud Issa
Сектордағы босқындар көші / фото: REUTERS/Mahmoud Issa

Израильдің 2023 жылғы қазанда Газа секторында бастағанын соғысынан кем дегенде 64 964 адам қаза тауып, 165 мың адам жараланған. Тағы мыңдаған адам үйінді астында жатыр деген болжам бар. 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасалған шабуылдан 1139 адам мерт болып, 200-ге жуық адам тұтқынға түскен.