Жаңалықтар

2026 жылдан бастап электромобиль импортына ҚҚС міндетті болады

Электрокарды жеңілдікпен елге кіргізудің аяқталуына аз уақыт қалды / Фото: shutterstock

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанда электромобильдер әкелген жеке тұлғалар үшін кедендік баж салығы мен қосылған құн салығынан (ҚҚС) босататын арнайы жеңілдік қарастарылған. Бұл жеңілдік Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) №107 шешімімен бекітілген.

Жеңілдік мерзімі аяқталуға жақын

Алайда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл жеңілдіктерді ұзарту мәселесі қаралмаған. Жаңа Салық кодексінде де электромобиль импорттаушыларға қатысты ешқандай ерекше шарттар көзделмеген.

2026 жылдан бастап не өзгереді

2026 жылдан бастап Қазақстанға электромобиль әкелетін барлық жеке тұлғалар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті болады. Жаңа Салық кодексінің 503-бабына сәйкес, ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ды құрайды.

Сонымен қатар, егер электромобиль ДСҰ мөлшерлемесімен декларацияланса және елден тыс жерлерде сатуға арналмаса, кедендік баж салығы бұрынғыдай нөлдік мөлшерде қалады. Дегенмен, мұндай жағдайда да ҚҚС төлеу міндеті сақталады.

Қосымша қолданыстағы жеңілдіктер

ҚҚС-тан босату алынып тасталғанына қарамастан, Қазақстанда электромобиль иелері үшін бірқатар жеңілдіктер сақталады:

  • Электрқозғалтқышы бар көліктерге (гибридтерден басқа) көлік салығы салынбайды;
  • Утилизациялық алым алынбайды;
  • Қолданылған электромобильдерді алғашқы тіркеу үшін төлем іштен жану қозғалтқышы бар көліктерге қарағанда екі есе төмен.

2026 жылдан бастап Қазақстанға электромобиль импорттау ҚҚС төлеу міндетіне байланысты қымбаттайды. Дегенмен, экологиялық таза көлік иелері ел ішінде бірқатар салықтық және тіркеу жеңілдіктерін пайдалана береді.

Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап утильалымның базалық мөлшерлемесі 50 АЕК-ке дейін өсіп, 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге жетеді.