Жаңалықтар

Алматы киберполициясы алаяқтарға SIM-карта алуға көмектескен топты құрықтады

Полиция Абая выдала бесплатно туристам SIM-карты
Алматы киберполициясы алаяқтарға SIM-карта алуға көмектескен топты құрықтады / Фото:

Алматы киберполициясы алаяқтарға SIM-карта алуға көмектесіп келген топты құрықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция жүргізілген операция барысында 400-ден астам SIM-карта, ондаған банк картасы мен бірнеше мобильді телефонды тәркілеген.

Бұл SIM-карталар мен телефондарды алаяқтар Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде тіркелу үшін пайдаланған. Полиция ұсталған азаматтардың интернет-ресурстар арқылы жасалған бірқатар алаяқтықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын хабарлады.

«Интернет-алаяқтықпен күрес – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Біз SIM-карталардың заңсыз айналымына қатысты тізбектерді анықтап, полицияның өзге де бөлімшелерімен бірлесе отырып, барлық мән-жайды анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді тергеу іс-шараларын жүргізіп жатырмыз», – дейді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Айта кетсек, билік интернет-алаяқтықпен күрес жүргізу үшін бірқатар шектеулер енгізді. Енді үкімет SIM-карта сатып алғанда биометриялық тексеруден өтуге міндеттеуді көздеп отыр.