
«Қайрат» футболшылары Чемпиондар лигасының (ЧЛ) топтағы жарысындағы алғашқы ойынын Қазақстан туы жапсырылған жейдемен өткізеді. Бұл туралы Kursiv.Media футбол клубы таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.
«Қайрат» (Алматы) пен «Спортинг» (Лиссабон) матчы қарсаңында, футбол клубы ойыншылар жейдесінің суретін жариялады. Оның кеуде тұсына Қазақстанның көк туы жапсырылған.
«Жүрегімізде — елге деген адалдық, алаңда — тек жеңіске деген құштарлық!», – деп сипаттады ФК.
Көк байрақ жапсырылған тағы бір қызыл жейдені Дастан Сәтбаев пен Шерхан Қалмұрза киіп, теңіз жағасында суретке түсті.

Алматылық футболшылар Португалияда жүр. Оларды жанкүйерлер Лиссабон әуежайында бауырсақпен күтіп алды. Ал бір күн бұрын олар Португалия ұлттық құрамасының базасында алғашқы жаттығуын өткізді.
«Спортингке» қарсы маңызды матч 19 қыркүйекке қараған түні Лиссабон қаласында өтеді.