
Қасым-Жомарт Тоқаев Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады.
«Құрмет» орденімен марапатталды:
- Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Ислам Әбдірайымов;
- Спортшы Аида Әбікеева;
- Спортшы Алуа Балқыбекова;
- Спортшы Наталья Богданова;
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Дастан Қабденов;
- Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Нұржан Насанов;
- Спортшы Айбек Оралбай;
- Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы № 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков;
- Спортшы Махмұд Сабырхан;
- Спортшы Төрехан Сабырхан;
- Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин;
- Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов
- Спортшы Санжар Тәшкенбай.

Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі спортшы Виктория Графееваға; Алматы қаласы спорт басқармасы № 6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мамандандырылған мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Нұрлан Мұхамбетқалиевқа; спортшы Елдана Тәліповаға берілді.
Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Отандастарымыз жарыста он медаль иеленді. Оның жетеуі алтын, біреуі күміс, екеуі қола.