
Алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы турында Лиссабонда португалиялық «Спортингке» қарсы алаңға шығады. Ойын 18 қыркүйек күні Қазақстан уақытымен сағат 23:50-де басталады.
Жанкүйерлер тартысты кездесуді Qazaqstan ұлттық арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Сонымен қатар Qazsport арнасында бірқатар маңызды матчтар көрсетіледі:
- 22:50 – Футзал. EURO-2026 іріктеу кезеңі. Өтпелі матч. Италия – Қазақстан.
- 00:50 – Футбол. УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. Ньюкасл (Англия) – Барселона (Испания).
Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер үшін 18 қыркүйек нағыз спорт түні болмақ.
Айта кетейік, «Қайрат» футболшылары бұл ойынға Қазақстан туы жапсырылған жейдемен шығады.