
Ақорда Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың Президент әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп хабарлайды Ақорда.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың 24 мамыры күні Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатқан болатын. Досаев қала басшылығына Қанды қаңтар оқиғасынан кейін Бақытжан Сағынтаевтың орнына келген.