Жаңалықтар

Дабыл! Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы ескерту жасалды

Жер сілкінісі қаупін ескертетін дабыл құрылғысы / фото: shutterstock
Жер сілкінісі қаупін ескертетін дабыл құрылғысы / фото: shutterstock

Алматы тұрғындарына президенттік хабарлама арқылы жер сілкінісі туралы ескерту жасалды.  Онда қауіптен сақ болуға шақырды.

«Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз! Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан қашықта эвокуацияланыңыз!» – деген қысқаша хабар алматылықтардың телефондарында пайда болды.

Десе де, жер сілкінісі тұрғындарға сезілмеді. Бұл жайт тұрғындарға үрей туғызды.

Жер сілкінісі туралы хабарлама / фото: скрин
Жер сілкінісі туралы хабарлама / фото: скрин

Артында  Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС жер сілкінісі болғанын растап ақпарат таратты.  

«Сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16 сағат 25 мин жер сілкінісі тіркелді», – делінген онда.

Институт ақпаратына сенсек, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

Бірақ  Сейсмологиялык зерттеу институты дүмпудің сезілмегенін растады.

Мұның алдында соңғы рет 12 қыркүйекте Алматы маңында жер сілкінісі болған еді.