
Қазақстанда MyArmy.kz атты портал іске қосылды. Енді әскерге бару үшін онлайн өтініш беруге болады.
Жаңа цифрлық сервисті қорғаныс министрлігі әзірлеген. Ол арқылы әскери бөлімшеге бармастан мерзімді немесе келісімшарттық әскери қызметке жазылуға болады.
Өтінім үш кезеңнен өтеді: «жасалды», «өңделуде», «қабылданды/қабылданбады». «Өңделуде» сатысында кандидат медициналық комиссиядан өту үшін қажетті талдаулар мен анықтамалардың тізімін алады. Бұл үдерісті жеделдетіп, бюрократияны азайтады.
Сондай-ақ порталда төмендегідей қызметтер бар:
— әскерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар;
— өзекті жаңалықтар мен материалдар;
— кері байланыс нысандары.
Жоба SARBAZ+ пилоты аясында жүзеге асырылып жатыр. Сынақтан өткеннен кейін, жүйені бүкіл ел бойынша енгізу жоспарланып отыр.
Еске салайық, 2 қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жоспар бойынша, 18-27 жас аралығындағы 22 мың жас қазақстандық Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардың қатарына қосылуы керек.