
Бас прокурор орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Санжар Боқаевтың «Үлкен Алматы» өзенінің жағалауынан гранит плиталарын алып кету туралы видеосына қатысты пікір білдірді.
«Бұл видеоны әлеуметтік желіден көрдім. Нақты айта аламын, осы іске қатысы бар адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүріп жатыр», – деді ол.
Қылмыстық іс қозғалғандардың ішінде лауазымды тұлғалар бар-жоғы туралы сұраққа Бас прокурордың орынбасары жауап бермеді.
Ал Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Санжар Боқаев ұсынған ақпаратты «назарға алатынын» жеткізді. Алайда ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қоғам белсендісінің видеоларын көрмегенін жеткізді.
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматыдағы Уәлиханов-Жамбыл көшелерінің қиылысынан алынған брусчаткалар жеке адамдарға сатылып жатқанын мәлімдеген еді.
Еске салсақ осыған дейін Бокаев Instagram парақшасында Алматыдағы жерасты өткелдерінің бірінде жұмысшылардың плиталарды жаппай сындырып жатқаны көрінетін жайлы да видео жариялады.