Жаңалықтар

Зүлфия Сүлейменова Президент кеңесшісі қызметінен босатылды

Зүлфия Сүлейменова Президент кеңесшісі қызметінен кетті / фото: primeminister.kz

Мемлекет басшының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.

Зүлфия Сүлейменова әр жылдары мемлекеттік басқару және экология саласында қызмет атқарған. Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі болып еңбек еткен, сондай-ақ Мәжіліс депутаты ретінде заң шығарушылық қызметке де үлес қосты. Соңғы жылдары халықаралық деңгейде экологиялық ынтымақтастықты дамыту бағытында жұмыс істеген болатын.

Бұған дейін, Тоқаев бірнеше көмекшілерін қызметінен босатқан еді.