Жаңалықтар

Тигран Кеосаян қайтыс болды

Тигран Кеосаян туралы қаралы хабарды  Маргарита Симоньян хабарлады / Фото: shuttertsock
Тигран Кеосаян туралы қаралы хабарды Маргарита Симоньян хабарлады / Фото: shuttertsock

Ресейлік журналист, тележүргізуші Тигран Кеосаян көз жұмды. Бұл туралы жұбайы Маргарита Симоньян хабарлады.

Ресейлік пропагандист әйел күйеуінің қайтыс болғанын Telegram-арнасында жазған.

«Бүгін түнде Тигран Жаратушыға кетті», – деп жазды Симоньян.

Айта кететін жайт, 2022 жылы Кеосаян бір телебағдарламасында Қазақстанға қарсы ашық қоқан-лоқы көрсеткен. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оны елге кіргізуге тыйым салынатын тұлғалар қатарына енгізу мүмкіндігін қарастырған болатын.

Кейінірек ақпарат құралдары Кеосаянның Қазақстандағы террористер тізіміне қосылғанын хабарлады.

Оның әйелі Маргарита Симоньян да Қазақстанға қарсы бірнеше рет арандатушылық пікір айтқан.

2025 жылдың қаңтарында Кеосаян комаға түскен еді.