
Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде Shacman маркалы жүк көлігі автожанармай құю станциясына соғылды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Тобыл кентіндегі «Мұнай Өнімдері» желісіне тиесілі жанармай бекетінде болған деп жазады «Наша газета».
«НГ»-ға Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, бұл дерек бойынша тексеру жүргізіледі.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші автожанармай станциясымен соқтығысып қалған, – делінген ПД хабарламасында. – Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Жүк көлігінің жүргізушісі тексеруден өтіп, оның мас еместігі анықталды. Полиция қосымша ақпаратты кейінірек беретінін мәлімдеді.