Жаңалықтар

28 қыркүйек түнде Реал Мадрид футболшылары Алматыға келеді

Фото: REUTERS

30 қыркүйек күні «Қайрат» клубына қарсы ойнайтын «Реал Мадрид» командасының футболшылары бүгін түнде Алмаға келуі мүмкін. Алматы халықаралық әуежайының кестесіне сәйкес, 28 қыркүйектен 29-ы қыркүйекке қараған түні 00:50-де Мадрид қаласынан ұшқан әуе кемесі Алматыға қонады.

Алматы мен Мадрид қаласы арасында тікелей әуе рейсі жоқ. Iberia airlines компаниясының ұшағы Мадрид қаласынан Алматы әуе жайына келіп қонады.

Қос клуб арасындағы матч Алматының Орталық стадионында өтеді. 23 қыркүйек күні аталмыш ойынға билеттер сатылды. Билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетті.

Матчты стадионда тамашалау үшін Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шетелден де жанкүйерлер келеді. Әсіресе Испаниядан 1000-нан астам жанкүйер арнайы ұшып келеді деп күтіліп отыр.