
Алматыдан Атырауға бағытталған ұшақта қазақстандық белгілі әнші Бейбіт Қорған жанжал шығарды. Kozachkov offside Telegram-арнасы таратқан мәліметке сәйкес, әнші мас күйінде дөрекі сөйлеп, әуе компаниясының ережелерін орындаудан бас тартқан. Бұл туралы Курсивтің орыс тіліндегі редакциясы жазды.
Ұшақ қонған соң оны полиция қызметкерлері алып кеткен. Әншіге қатысты «ұсақ бұзақылық» және «құқық қорғау органының заңды талабына бағынбау» баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Атырау қаласындағы сот Бейбіт Қорғанды екі құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп танып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салды.