
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы қыркүйекте полиция және прокуратурамен бірлесіп қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенін хабарлады.
Рейд Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында жүрген.
Іздеу шаралары барысында 62 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген. ҰҚК дерегінше, оның ішінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 қару-жарақ анықталған.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқаны хабарланды.
ҰҚК қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларды бұған дейін де тәркілеген.