Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды / Фото: kursiv.media архив

Жаслан Мәдиев жаңадан құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, елде Жасанды интеллект министрлігі құрылатынын 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

Жаңа министрліктің нақты қандай шаралармен айналысатыны жөнінде және қандай бағытта жұмыс жүргізетіні туралы KursivMedia басылымы арнайы маманнан сұрап білген болатын.