
Тура бір сағаттан кейін Қазақстандағы көпшілік көптен күткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі өтеді. Kursiv LifeStyle Алматы Орталық стадионы алдындағы жағдай туралы фоторепортаж дайындады.

Жанкүйерлер орталық стадион маңына түс ауа-ақ жинала бастады. Стадион қақпасы ашылмай тұрып кіреберіс алдында бірнеше шақырымға созылған кезек пайда болды.

Алаңның айналасы жанкүйерлердің ұрандарынан, айқайынан және өтіп жатқан көліктердің дабылынан жаңғырып тұр.


Қаланың басты магистральдарының бірі – Абай даңғылы толассыз адам тасқынына айналған. Жағдайды «Қайраттың» және басқа спорттық атрибутиканың қолдан жасалған мерчендайзін сатып тұрған бейресми сатушылар одан әрі қиындата түскен.


Полиция лицензиясыз саудаға мән бермегендей көрінді. Өйткені олардың негізгі назары қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Стадион алдындағы атмосфераға қарағанда, мұнда бүкіл қала жиналғандай әсер қалдырды. Билеттерді 200 мыңнан астам адам алғысы келген, ал оған қол жеткізе алмағандардың көбі аренаның маңына келіп, командаларды қолдауды жөн көрген.




Көше бойында нағыз атрибутика жәрмеңкесі ұйымдастырылғанын көруге болады. Мұнда Қазақстан мен ойнаушы клубтардың жалаулары, футболкалар, «Реал» мен «Қайраттың» логотиптері бар шарфтар, тарихи матчқа арналған арнайы шарфтар сатылуда.
Жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын алматылық команданың жаңа тұмары – жұмбақ жауынгер бейнесіндегі маска тудырды.
Бұған дейін, «Реал Мадрид» Сәкен Сейфуллиннің әнінің фонында Алматы туралы видео жариялағанын жазғанбыз.