
Испандық «Реал Мадрид» командасының капитаны Тибо Куртуа алматылық «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға сәттілік тіледі.
Шерхан Қалмырза әлеуметтік желіге Тибо Куртуамен қатар түскен суретін жариялады. Онда испандық әріптесіне алғыс айтты.
«Тамаша жан. Ойын үшін рақмет», – деп жазды Қалмырза.
Оның бұл жазбасына Куртуа жауап жазып, сәттілік тіледі.
«Көп жұмыс істеуді тоқтатпа. Сәттілік», – деп жазды Куртуа.
Айта кетейік, 30 қыркүйек болған ойында испандық клуб «Қайратты» 5:0 есебімен жеңді. Осы ойында Шерхан Қалмырза ерекше көзге түсіп, желі жұлдызына айналып, УЕФА таңдаған үздік қақпашылар қатарына кірді.