
Қарағандыда полицейге қатысы бар оқиғаға байланысты жаңа дерек шықты. Бұған дейін полиция пунктінен жалаңаш әйелдің мәйіті табылған. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілген.
Полицияның хабарлауынша, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық ізі жоқ. Сондай-ақ оқиға орнында қан ізі болмаған.
Ал химия-токсикологиялық сараптама нәтижесі тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Ал ес-түссіз күйде табылған полиция майоры әлі жансақтау бөлімінде жатыр.
«Өте ауыр жағдайда жатыр. Ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», – деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасы.